Өлеңдер ✍️

  18.05.2026
  95


Автор: Дарина Серікқызы

Өмір сүрейік

Өмірде қиын табу адамды,
Жүрекке жақын, көңілге жайлы.
Адамның қалауына қарамайды уақыт,


 


Ауысады маусым, ауысады жылдар.


Ұмытпа жанды жаққан жанарды,
Сағынып өткен нәзік шақтарды.
Бағала балдай балғын кезеңді,
Жүректе қалған ыстық сәттерді.



Өмір сүрейік, алғыс айтып таңдарға,
Өткен күнді сағынышпен қарсы ал да.
Жанымызда бар жандарды бағалап,


Жоғалтпайық жүректегі арманды.


 


Өмірде қиын өзіңді табу,
Адаспай жүріп, адам боп қалу.
Адал болып, әділ болып өту —
Заңы осы қилы заманның.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу