Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
09.05.2026
165
Қарашамен қауышу
Қараша қалың тұманың,
Жанымның жалғыз тұрағы.
Жағады кімдер білмеймін?
Қара көңілдің шырағын.
Жанары солғын күн қыздың,
Ажары көшкен нұр жүздің.
Жалаңаш бақтар жабырқау,
Аңқиып таулар тұр мүлгіп.
Мұнар да мұнар мұңлы алап,
Енеді түске бір ғажап.
Кешегі тентек бұлақтар,
Ағады баяу сырғанап.
Бүркеген тұман шың басын,
Төгеді жаздың сырғасын.
Қаз көңіліммен қауышар,
Қараша, қайран мұңдасым.
Жыл құсы қайтса шұбырып,
Жанымнан өшер жылы үміт.
Желтоқсан бүрсе желкеңнен,
Бүгіле көрмен түңіліп.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇