Өлеңдер ✍️

  07.05.2026
  104


Автор: Қасенова Жамиля

Қаңбақ ойлар

бір сәтке жазуды қойып едім,
шабыт іздеп кезіп едім.
әне-міне дегенше уақытта өтіп,
қаламдағы сия кеуіп,
ақ парақты былғап едім.


сөз таба алмай қиналып ем,
жүрек үнін басып ем,
сезімдерім тынышталмай,
өлеңдерім де қалды шыңдалмай
жанымның үнсіз жасын төгіп ем.


қиялым кеткендей қаңбақтай ұшырып,
кеудемді мұңға тұншықтырып,
жоғалған ойды қайта іздедім,
үмітімді үзбеп едім.


енді, міне, сезім серпіліп,
шабытым оралды леп қылып.
қағазға қайта жан бітіріп,
өлеңім сөйлер шын тілек қылып…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу