Өлеңдер ✍️
Ана деген әлем бар
Дүниенің нұры түскен жанарыңнан,
Сол шуақтан сенім орнап, бақ дарыған.
Сенің ыстық алақаның — жәннатым,
Ақ сүт берген, аяулы анашым!
Жарық таңым, сенен атқан арайлы,
Сенің үнің–мейірімнің бұлағы.
Сол үнменен әлдиледің тербетіп,
Тал бесікте үміт болып түлетіп.
Әр қадамым алаң болып алдың да,
Жан жылуын жүрегіме салдың да.
Түндерімді күзеткен бір шырақсың,
Сөнбес мәңгі мейірім нұр, тұрақсың.
Қайырмасы:
Ана – менің асқар тауым, панамсың,
Сен бар жерде жарық менің ғаламым.
Ана – менің жүрегімнің шамысың,
Өмірімнің ең қымбатты шағысын.
Ана – сенсің мәңгі сөнбес жырым да,
Бар байлығым – өзің ғана, шынымда.
Ана деген жалғыз ғана әлем бар,
Сол әлемге тағзым етем ғұмырда!
Тәй-тәй басып сүрінгенде дем бердің,
Қанатымды қатайтқан да сен едің.
Жаңылыссам, жылы сөзің жол сілтеп,
Жан дүниемді жұбататын ем едің.
Ана деген – шексіз дария мейірім,
Сенсіз менің толық емес көңілім.
Тіршіліктің тірегі де өзіңсің,
Анашым-ау, мәңгі саған бас идім!
Қайырмасы:
Қанша алыс кетсем дағы өзіңнен,
Жүрегімде үнің тұрар сезіммен.
Жаным қажып, шаршағанда бір сәтте,
Ана деген ат күш береді өзіме.
Ана – менің асқар тауым, панамсың!
Сен бар жерде бақытты ғаламым!
Ана деген жалғыз ғана әлем бар —
Сол әлемде мәңгі менің анамсың!
Сөзін жазған Айтбек Рымбекұлы Әліпов
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇