Эсселер ✍️

  15.02.2026
  55


Автор: Ерлан Гүлзат

Уақытты басқару — өмір сапасын арттыру құралы

  Уақыт — ең құнды ресурс. Оны қайтару мүмкін емес. Сондықтан уақытты тиімді пайдалану адамның өмір сапасына тікелей әсер етеді. Көп адамдар уақыт жетіспейді деп ойлайды, бірақ шын мәнінде мәселе жоспардың жоқтығында. Егер адам күнін жоспарлап үйренсе, ол әлдеқайда көп нәрсе үлгереді.


  Уақытты басқарудың негізгі қағидаларының бірі — басымдықтарды дұрыс анықтау. Маңызды істерді бірінші орындау керек. Сонымен қатар қажетсіз әрекеттерді азайту маңызды. Әлеуметтік желілер мен телефон көбіне уақыттың көп бөлігін алады. Сондықтан оларды саналы түрде пайдалану қажет.


  Демалыс та уақытты басқарудың бір бөлігі. Себебі шаршаған адам тиімді жұмыс істей алмайды. Демалған кезде ми қалпына келеді, жаңа идеялар пайда болады. Сондықтан уақытты басқару — тек жұмыс емес, өмірдің барлық саласын үйлестіру.


 


Ерлан Гүлзат




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу