13.02.2026
  10


Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы

Жасөспірімдердің психикалық денсаулығы – бұл психикалық даму, жайлылық, мінез құлық, өзара қарым - қатынас және болашаққа жоспар мен жауапкершілік. Жасөспірім шақ – 13 пен 18 жас арасында орыналатын қызықты кезеңдердің бірі. Бұл кезеңде бала сыртқы әлемді танып, өзін ересек тұлға ретінде сезінеді. Алайда, осы кезеңде жасөспірім өз басынан өзгерістерді өткізіп, оның психологиялық салдарына әкелуі мүмкін. Егер қандайда қақтығыс туындаса жасөспірім бірден ашулана, қызбаланып мәселені шеше алмайды. Себебі оның ойында “Мен ересекпін ”ұғымы қалыптасуда.

Осындай сәттерде баланың жанынан табылып, сөйлесіп, ең бастысы қысым көрсетпей туындаған жағдайын шешуге көмектесіп қолыңызды созу. Өмірдің бұл сатысында, жасөспірімдер арасында өзін көрсету, таныту басталады. Егер жасөспірімде отбасылық жанжалдар, бір істің қолынан келмеуі немесе айналасындағы адамдармен тіл табыса алмайтындығы, баланы өзінің сенімсіздігіне әкеледі. Өзіне деген сенімсіздік баланың – ызалана беруіне,көңіл – күйінің құбылмалдылығына, сыртқы әлемнен қашуға, реніш, бірбеткейлікті туындатады. Ал бала өз орнында “Мен мінсізбін, мен кереметпін“ деген оймен қалыптасса моральды түрде жасөспірімнің өзгерістерін байқауымызға болады. Бірден сенімділігі туындап,сабырлық танытып, адамдарға ашылуы, бір сөзбен айтқанда өз толқынын сезіну. Өзін-өзі бағалайтын жасөспірім асқан сенімділігімен бірбеткейлікке келеді әрі ондай оқушылар әдетте мәртебеге ие болып оқуларында ауыспайды. Себебі кейбір оқушылардың күйзелістен оқулары төмендейтіндігі рас. Осы мәселені қарастыра ата-ана жасөспірімге ерте кезден түпсанасына сенімділіктті бейімдеулері қажет. Сарапшылардың айтуынша психикалық денсаулықтың көптеген зақымдары, бала және жасөспірім кезеңінде туындайды. Уақыт өте егер іштегі травмамен жұмыс жасамаса денсаулыққа әсер ететіндігін П. Левин. Психикалық травманы табиғи құбылыс ретінде қарастырып, ол табиғаттық психобиологиялық процестердің бұзылуының нәтижесі болып саналатындығын дәлелдеген. Жасөспірім кезеңде депрессия мен суицидтік ойлар көптеген психикалық ауытқулардың көбейуіне әкеледі. ДДСҰ мәліметі бойынша еуропа аймағында шамамен екі миллион жастар психикалық денсаулық проблемаларымен – күйзелістен бастап шизофренияға дейін зардап шегеді. Ал дүние жүзі бойынша балалар мен жасөспірімдердің 20 пайызында психикалық денсаулық мәселелері кездеседі.

Тағы қатты күйзелістердің бірі отбасылық жанжалдардан да туындауы мүмкін. Жанжалдардың кесірінен балалар өзін-өзі бағалау төмендейді, мазасыздық күшейеді, қорқыныш пайда болуы мүмкін, агрессия, қыңырлық, ашуланшақтық, бағынбау пайда болады. Бала бейсаналық түрде ата-анасының назарын өзіне аударуға тырысады, осылайша олар «оның» мәселелерін шешуге таң қалады. Осылайша екі мақсатқа қол жеткізіледі — ата-аналар «проблемалы» баланың айналасында бірігіп, бір-бірінің арасындағы жанжалдан алшақтайды. Неғұрлым күрделі жағдай — бала ауырып қалады, энурез, аллергия, астма, асқазан-ішек жолдарының шағымдары және психосоматикалық аурулар пайда бола алады. Отбасылық жағдай балаға қатты әсер беретіндігі сөзсіз, уақыт өте бала өз үйінен қашқатауы мүмкін себебі бұл атмосфера оған қысым туғызып ыңғайсыздыққа әкеледі. Жылулықты үйінен емес даладан іздеген баланың өмірі ертең не болады? Көшеден көргенін қайталап өмірі бұзылуы әбден мүмкін. Бұл жағдаймен қиналған балар көп, ерте есейіп балалық шақтарын сағынатындары біраз. Ата аналар бала болашағын ойласа, шартты мейірімділікті берсе жасөспіріммен дос ретінде сөйлесіп уайымын біліп қол ұшын созса, бұндай жайттар азаятындығы күмәнсіз.

2021/22 жылдардағы HBSC зерттеулерінің деректері бойынша, оның ішінде 44 елдегі 280 000 жастан алынған ақпаратты талдай отырып, Қазақстанның жас халқының психикалық әл-ауқатының ерекшеліктері айқын болады. Жалпы әлемде 15 жастағы қыздардың 28%-ы жалғыздық сезімі туралы хабарласа, Қазақстан да бұл көрсеткіш біршама төмен — 22%.

Қазақстан 83 елдің ішінде 76-78 орындарды иеленіп, ең соңғы ондыққа енді. Елдегі MHQ индексі – 52,3 балл. Бұл көрсеткіш Қазақстан халқының менталды денсаулығында елеулі проблема бар екенін көрсетеді. Біздің еліміз бұл көрсеткіш бойынша Бразилия және Оңтүстік Африкамен деңгейлес.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу