Шығармалар ✍️
«Каспийдің тағдыры-адамзаттың тағдыры»
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, соңғы 100 жыл көлемінде Каспий теңізінің деңгейі 2-2,5 метрге төмендегені анықталды. Егер де бұл құбылыс жылдар бойы жалғаса берсе, Каспий теңізі Арал теңізінің тағдырын қайталауы мүмкін бе?
Каспий теңізі- дүниежүзі бойынша ең үлкен тұйық су айдыны болып табылады. Каспий теңізі тек Қазақстан мемлекеті үшін ғана емес, барлық адамзат үшін маңызды. Себебі Каспийдің байлығы-мұнай, газ, балық және ерекше экожүйе. «Каспийдің тағдыры-адамзаттың тағдыры» дегенімнің себебі осында.
Зерттеулерге сүйенсек, теңіздің деңгейі 9 метрге дейін түссе, теңіздің ауданы 23%-ға кішірейеді, ал 18 метрге түскен жағдайда, теңіздің ауданы шамамен 35%-ға кішірейіп қалуы мүмкін. Яғни бұл, Каспий теңізі Қазақстанның толықтай шөлді аймағына айналады деген сөз. Осы қауіп бойынша, Атырау және Маңғыстау облысының экологиялық жағдайына да, экономикалық жағдайына да зиянын тигізеді.
Ақтау қаласында «жасыл сутегі», тұрақты энергетика және халықаралық ынтымақтастық тақырыптарына арналған «Aktau Dialogue – Green Hydrogen 2025» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті, деп хабарлайды otpannews.kz.
Конференция барысында Каспий теңізі деңгейінің ауытқуына қатысты өз пікірін білдірген ҚазКТИКМ (Каспий теңізін зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми-зерттеу институты) басқарма төрағасы Серік Ахметов бұл құбылыстың табиғи үдеріс екенін атады.
«Каспий теңізі дүниежүзілік мұхитпен тікелей байланысқа ие емес. Сондықтан оның деңгейі су балансына - яғни, қанша су келіп, қаншасы буланып жатқанына - тікелей байланысты. Бұл әрдайым болып тұратын құбылыс. Алайда соңғы жылдары теңіз деңгейінің төмендеуі айтарлықтай ұзаққа созылды. 1995 жылдан бері су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Ақтаудағы гидробекет деректеріне сәйкес, Каспий теңізі қазіргі таңда минус 29,5 деңгейіне жеткен. Бұл - өте төмен көрсеткіш», – деді Серік Ахметов otpannews.kz
Яғни Серік Ахметовтың айтуы бойынша, теңіздің деңгейіне адам әрекетінің әсері бұрыннан зерттеліп келе жатырғанымен, соңғы уақытта климаттық факторлар да басымдық алып отыр.
Ал ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова Каспий теңізінің мәселесі бойынша былай деген:
«Әр су айдынын қоректендіріп тұру керек. Қазір Каспийге құятын өзендердің жай-күйін көріп отырмыз және кез келген азаю, өзгеріс, реттеулер тікелей әсер етеді. Екінші мәселе – климаттың өзгеруі. Бұл өзендердің гидрологиялық режиміне әсер етеді. Соңғы бірнеше жылда біз судың тартыла түскенін байқап отырмыз. Каспий теңізінің қазақстандық бөлігі ең таяз болып саналады, сондықтан біз сыртқы экзогендік фактор ретінде климаттың өзгеруі мен реттеу қызметінің салдарын бірінші болып көріп отырмыз».
Қазіргі таңда біз нақты бір факторды айта алмаймыз. Себебі Каспий теңізіне экология да және адамның шаруашылық қызметі де басты рөлде.
Басқа да ғалымдардың пікірінше, теңізді жүріп жатырған тектоникалық үдерістеді де назардан тыс қалдыруға болмайды.
«90-жылдардың басынан бері теңіз түбіндегі тектоникалық белсенділік артып жатқаны айтылады. Кейбір болжамдарда Арал теңізінің суы Каспийге ағып жатыр деген пікірлер де болды. Бірақ ғылыми тұрғыда ең басты фактор – бұл су балансының өзгерісі. Каспий теңізі деңгейінің графигі мен оған келіп түсетін судың мөлшерін салыстырсақ, олар параллель қозғалады», - деді Серік Ахметов.
Сонымен қатар басты мәселеде тек ландшафттың өзгеруі емес, ол теңіздегі итбалықтардың, балықтардың жойылып бара жатырғандығы әсер етеді.
Бұл мәселені шешу ол тек қана қазіргі мәселе емес, ол болашақ ұрпақтың таза экологияда өмір сүруін қорғаумен тікелей байланысты болып келеді.
Қорыта айтқанда, Каспий теңізінің тағдыры тек қана экологияға емес, ол адамзаттың қазіргі әрекетіне де тікелей байланысты. Теңіз деңгейінің төмендеуі-теңіздің айналасындағы аймақтың экологиялық және экономикалық жағдайына қауіп төнуі. Қазірден бастап біз ғылыми шешімдер қабылдап, су ресурстарын ұтымды пайдалануымыз қажет. Каспий теңізін сақтау ол келешек ұрпақ алдындағы басты парызымыз.
Марта Хайруллина
Атырау қаласы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇