Эсселер ✍️
Жаһандану ұлттық болмысты жоя ма, әлде жаңа деңгейге көтере ме?
Қазіргі уақытта жаһандану - күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды. Ғаламдық үдерістер әлеуметтік һәм экономикалық тұста,халықтарға алуан түрлі әсер етеді. Жаһанданудың негізгі мағынасы “халықаралық бірігу” дегенді білдіреді. Әлемдік ықпалдасу дәуірінде халықтар араласып, жаңа дүние есігі ашылуда. Дегенмен, жаһандану - заман талабы. Одан тыс өмір сүру мүмкін емес. Сонымен қатар, бұл үдеріс әр ұлттың өз болмысын жоғалтып алу қаупін де төндіреді. Неліктен, шекарасыз әлем құбылысы өзекті? Сол туралы өрбітіп айтып берейін.
Жаһандану - бұл тек қауіп емес, мүмкіндік. Ұлттық болмыстың сақталуы немесе әлсіреуі қоғамның әрекетіне байланысты. Егер қоғам тек дүниежүзілік ықпалдастыққа еліктесе, ұлттық болмыс әлсірейді. Алайда, жаһандану ұлттық бірегейлікті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Әлемдік бірігу заманы - өзгенің жақсысын алып, жаманынан сақтанатын кезең. Технологияларды үйрену керек, бірақ ең маңыздысы ұлттық құндылықты бекіту қажет. ХХІ ғасыр - ғылым мен техниканың заманы. Ақпарат алмасу шапшаңдығы артқан дәуір. Оның керек тұсын пайдаға асырып, зиянына төтеп берген абзал. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай “ Жаһандану заманында ұлттық кодты сақтау - елдің болашағын сақтау. Бұл сөздің түп мағынасы көштен қалмай әлемдік кеңістікке енуде жаңа деңгейге көтерілу. Адал, таза және тілін дінін сатпаған қоғам болып даму. Халықтың рухани бейнесін сақтаған қоғам ғана, жаһандануда жоғалмайды.
Сөздің түйіні біреу, жаһандану ұлттық болмысты жояды деген тұжырымнан алшақ болған жөн. Өйткені, ол ұлттық мәдениеттің жаңғыруына және әлемге танылуына жол ашады. Оның барлығы қоғамға байланысты. Ел болашағы қандай кезеңде болсын, жастардың қолында!
Автор:Абдинаби Толғанай
11 сынып оқушысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇