21.01.2026
  29


Шырақстан қаласындағы жүрек шамы

Ерте заманда, қазіргі өмірдің тынысын сездіретін Шырақстан деген қала болыпты. Бұл қалада әр баланың жүрегінде кішкентай шам болады екен. Ол дұрыс таңдау жасағанда жарқырап, қате жолға түскенде солып қалады екен.


Қалада Арсен атты жасөспірім өмір сүріпті. Оның жүрегіндегі шам жап-жарық еді. Соңғы кездері қалаға ҚараТұман жайыла бастаған.Ол адамдарға «жеңіл бақыт», «қуанышты күндер» уәде етіп, тұзақтар құрады екен. Тұзақтардың қауіптісі жылтыр конфеттер, алдамшы ұсыныстар.


Бір күні ҚараТұман Арсенге жақындап, сыбырлап:


- Мынаны алсаң, қорқыныш болмайды, шаршамайсың, — дейді.


Сол сәтте Арсеннің жүрегіндегі шам дірілдей бастайды. Балалар жүрегіндегі шам әлсірегенде, қаланың шетінде тұрған КөкҚалқан сақшыға хабар жетеді. Ол - тәртіп пен қауіпсіздікті күзететін Жарық сақшысы. Оның қалқаны күн сәулесіндей жарқырап, ҚараТұманды ығыстырады.


- Балам, бұл жол қараңғылыққа апарады. Нағыз күш - өмірде, спортта, білімде ұмытпа,-дейді.


КөкҚалқан сол кезде қалқанын көтереді. Арсен екі көріністі бірден көрді: біреуінде ҚараТұманға ерген балалардың шамдары сөніп қалған. Екіншісінде, шамдары жарқыраған балалар бір-біріне тірек болып жүр.


Арсен жүрегін ұстап, көп ойланып барып, ҚараТұманнан бас тартады. Сол сәтте оның шамы бұрынғыдан да бетер жарқырап, қаланы нұрға бөлейді. Ал ҚараТұман алыстай береді.


Содан бері Арсен Шырақстанның жас қорғаушысы, ал КөкҚалқан сақшы алыстан бақылап, балалардың дұрыс таңдау жасауына көмектесіп жүреді екен.


Содан бері қалада:


«Есірткі-қараңғылыққа бастайды, ал дұрыс таңдау-жарыққа жетелейді» - сөз қалған екен.


 


Аты-жөні: Анарбай Инабат Абылайқызы


Жетекші: Есмаханова Улжан Алибевана


Қала/аудан: Қызылорда қаласы


Оқу орны: М.Мәметова атындағы Қызылорда педагогикалық жоғары колледжі


 


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу