Өлеңдер ✍️

  02.01.2026
  52


Rakhmanberdi Izbassar

Таңғы шабыт

Қайырлы таң, басталған ерте күнім


Таң атарда келгені-ай шабыт бүгін 


Сыр ақтарып көрейін ерте күнмен


Сүймелімен ақ қағаз бен әсем үннің


 


Алғашқы рет қысқанда құшағыма


Алғашқы рет қолынан қысқанымда


Алғаш рет иісіңді сезінгенде — 


Сезімнің қалғандаймын құшағында.


 


Сезінгім кеп сол сәтті оны кейде


Өтті кетті бояуы сіңді дей ме


Жүгіріп кеп сен мені құшақтаған


Кетер емес көз алдымнан осы бейне


 


Сені жақсы көремін көптен жақын, 


Өлеңімде мәңгі қалар сенің атың. 


Ғашығына сүрінбей сүйіп қосқан 


Болайыншы бағы бар сүйген ақын


 


Жоспарда жоқ біздер бірге таң атырған


Сол таң мені үлкен ойға тым батырған


Алаңсыз, шырт ұйқыңды көргенімде


Келген ұйқым, жауаптылық тыс қашырған 


 


Кешірші, кешіре ғой мені күнім


Ақыл емес сезім басты мені бүгін


Артық қылық, шекке жақын барсам


Ескерте ғой шықпайды сосын үнім


 


Жеткізе алмас іштегіні мына өлең,


Сыймай жатыр аумағы үлкен көлем.


Тағы айтам, тағы айтам, айта берем.


Жүрекшем, мен сені жақсы көрем!


 


І. Рахманберді 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу