Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
19.12.2025
139
Саған әнім
Күлімдеген жүзің сенің әдемі
Қарадымғой саған алғаш әуелі
Жүрегіңе жетпеседе көңілім
Саған арнап жаздым осы әуенді
Құлпыртасың менің дархан даламды
Құстар менен шырқап әнге салады
Сезгендеймін сенің сұлу көзіңнен
Таңғы нұрмен соққан лебіз самалды
Осы әнім тек өзіңе қалады
Махаббатқа соғайықшы қамалды
Бағаладым алтын күміс асылға
Саған деген сезім шіркін тасуда
Жетпей тұрған менің саған өлеңім
Жүрегіңнің құлпын шешіп ашуға
Ақниет Жәдігеров
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇