Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
25.11.2025
343
Өлең-Өмірім
Өмірдің өткелімен жүріп келем,
Жүрек жылап тұрсада күліп келем.
Сүрсем өмір ақын боп бұл жалғанда
Өліп кетсем өлең боп тұрып келем.
Түн құшағын оранып өлеңдетем,
Өлеңдіде өзіме елеңдетем.
Қаламымды көтеріп көкке қарай
Ал өлеңді ар қарай тереңдетем.
Қарсы аламын қарайлап өмірімді,
Маңдайдағы жазылған өлімімді.
Өлең өлсе мендағы өліп кетем
Өлеңіме ораңдар өлігімді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇