Өлеңдер ✍️

  25.11.2025
  208


Автор: Сәрсенби Аян

Шортанды-Көкшетау

Түн... 


Ырғалып келемін пойыздың ішінде, 


Бір ғажап көріппін түсімде. 


Сол түсті өлеңге түсіріп


Отырмын мұң толқып ішімде. 


 


Алматы вокзалы жіберіп Көкшеге, 


Таяпта қалдым-ау Көкшеме


Вагонда ешкім жоқ тек өзім


Бақыт тұр күтумен Көкшеде. 


 


Шортанды вокзалы жетелеп, 


Қыз келді вагонға еркелеп. 


Мен жатқан бөлмеге жайғасты


Басталды сезіммен жекпе-жек. 


 


Білуге есімін асықтым, 


Сезімнің есігін ашыппын. 


Атың кім болады қарындас


Жүзіңе енді мен ғашықпын. 


 


Ақырын қолаңша шаштарын, 


Түсінбей сөзімнің астарын. 


Құлақтың артына қыстырды


Жібектей жылтырақ шаштарын. 


 


Өртеді таныстық өзегін, 


Айтпады бірақ та есімін.


Телефон номерін сұрадым


Бермеді бұзылды келісім. 


 


Қолаңша шаштары төгілген, 


Жібектей шаштары өрілген. 


Ақ ұлпа беттері сұп-сұлу


Жүзінен бірер мұң көрінген. 


 


Он  минут өтті де ақырын, 


Таусыла бастады сабырым. 


Бекетім таяды деді ол


Номерін айтады ақырын. 


 


Бір дыбыс ойымды қақ бөлді, 


Аруды бұл пойыз ап келді. 


Шығады вагоннан ақырын


Көрген соң айнадан Ақкөлді. 


 


Қош деді кетерде қасымнан, 


Оқиға сырғыйдау басымнан. 


Қош дедім келем деп пәк-үнмен


Жас ақты жанардан тосыннан. 


 


Ал енді ойыммен тілдестім, 


Келеді сезіммен күрескім. 


Көкшетау еліне жеткенше


Ойдағы асаумен күрестім. 


 


 


 


   2 бөлім 


 


Көкшетау еліне келдім де, 


Ол сәби аруға сендім де. 


Толықсып сезіммен хат жаздым


Сол хатқа сезім боп ендім де. 


 


Ол қызбен Көкшеде қыдырғам, 


Қыс еді сезіммен жылынғам. 


Осылай өтті ғой жарты жыл


Уақытым ол қызбен ағылған. 


 


Жұмбақтас үстінде қарау мен, 


Отырдық шыңдарды санау мен. 


Мен сені жек көрем деді ол


Сезімді жанымнан тонау мен. 


 


Шартым бар қосылам жасасаң, 


Бүр нүкте суырып ала алсаң. 


Шартым сол деді де іркілдеп


Екі ай іздеме қаласаң. 


(Келемін сонан соң қаласам) 


 


Бір сүйіп алайын өтініш, 


Жүрегін қысады өкініш. 


Кетті ол жанымнан алыстап


Түскендей торына өкініш. 


 


Көңіл бұл суыды өткенге, 


Қол былғай беріппін көктемге. 


Екі ай күт деді күтейін


Аз қалды уақыт бұл жеткенге. 


 


Басымды мың ойлар аралаған, 


Бір ай өтті жанымды жаралаған. 


Күнде түнде ойлаймын ол аруды


Мендік сезім жүректі табалаған. 


 


Екі ай өтті сағынғам қаталағам, 


Үйде тыныш енді мен жата алмағам. 


Ақкөлдегі кездескен жерге барып


Ол бір жанды күтіп мен алалмағам. 


 


Іздестірдім аруды сұлу тәтті, 


Сыйламады әзірге жылу тәтті. 


Атын менен жасырған аруымды


Іздеп көрсем Ақкөлді көру тәтті. 


 


Жолатпайтын үйіне кездескенде, 


Барып қайтсам қуанар жүздескенде. 


Ата-анасы сұраса досымын деп


Айта салам үйінде кездескенде. 


 


Сағат он бір жанымды қуаныш жеп, 


Есігін қағып тұрмын қуаншы деп. 


Ана ашты есігін бұл бір үйдің


Таныстырдым өзімді жұбаныш деп. 


 


Ақсақ басып аяғын кірші деді, 


Ботақаным жаным-ау жүрші деді. 


Қуанумен мәз болып үйге ендім


Ешкімде жоқ бірақта кірші деді. 


 


Орамалын шығарып қолға берді, 


Біртүрлі ой көңілге жұға берді. 


Қызым өлген осыдан бір ай бұрын


Енді міне Жұбанышым шыға келді. 


 


Өлген балам ол қызым емханада, 


Ойламаппын қызымды жер ала ма. 


Бәріненде жасырған дертін жаным


Алаңдайт деп ботақан жер анада. 


 


Асқыныпты ісігі басындағы, 


Тығылыпты бәрінен қасындағы. 


Қонған бір күн анашым сүйем деген


Ішіп алып атау-кере асындағы. 


 


Келесі күн білмеді есін жаным, 


Емханаға апарып бердім жаным. 


Үш күн жатты комада қалтыраумен


Кетті сосын жинамай асыл жанын. 


 


Солқ-солқ етіп жылады ана сосын, 


Жұбатамын Жәннат ол пана болсын. 


Мен оны сүйген едім ана түсін


Қалтыраумен құшақтады ана сосын. 


 


Мінедағы тәтті өмір осы меді, 


Ол арудың өзіндік жолы меді. 


Жылауменен атырдым таңдарымды


Түсінгенім өмірім зұлым еді. 


 


Енді ғана түсіндім бір нүктені, 


Білдірген-ау өлімді бір нүктелі. 


Өзі айтқан суырып ал қаласаң деп


Өлім екен айтқан сол бір нүктесі. 


 


Есінде әрбір жанның қалмайын деп, 


Аттыммен жанға жара салмайын деп. 


Атын менен жасырған кездесуде


Бір жүректі ғашық қып алмайын деп. 


 


Атын оқып зираттың басында мен, 


Бола алмадым әрқашан қасыңда мен. 


Таза жүрек иеленген атың Нұрым


Періште болып қалсыншы шын есімің. 


 


Деп жаттымда мыңқылдап вагонымда, 


Түс екенін ұғындым тағы мұнда. 


Шортанды бекетіне келіп жеттік


Бір ару кіріп келді вагоныма.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу