Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.08.2025
366
Қазақстан
Самғаған қыраны көгімнің -
Азаттық айнасы елімнің.
Алтын күн нұрынан нәр алған
Дәулеті тасыған жерімнің.
Бабалар арманы,
Ұрпақтар қорғаны,
Жайнасын жалауың, Қазақстан!
Бақыттың Отаны,
Шаттықтың отауы,
Сөнбесін алауың, Қазақстан!
Ғасырлар жасаған сақ-далам
Даналар мұрасын сақтаған.
Айбынды, жалынды жастарың
Перзенттік парызын ақтаған.
Ардақтың жайылған желкені,
Бірліктің байрақты мекені.
Арысты, намысты болашақ
Өзіңді мақтаныш етеді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇