Өлеңдер ✍️

  17.07.2025
  512


Автор: Зейнолла Әкімжанов

Адам ары

 



Адамның болады ғой игісіні,
Игісінмен бағалап, біл кісіні.
Біреудің таудан биік тұлғасы бар,
Біреудің болады ғой құр мүсіні.



Жақсыны жаман кейде иектемек,
Жақсыны білуге де тиек керек.
Біреуді жолы жүрсе сүйеп, демеп,
Біреу жүр заманына құр өкпелеп.



Мінекей, біздің заман осындай-ды,
Көрмедім елден шыққан тосын жайды.
Жақсының жақсы екені анық болса,
Жолы да жамандыққа қосылмайды.



Бәріне ар басшы ғой, аңғарамын,
Түсінбес жайлар бар-ау сонда да мың.
Адамның жақсылығы азайғанда
Содан ғой жалғызсырап жол қарауым.



Кездесер қанша мінез бұл кісіңде,
Алданбау керек болар құр мүсінге.
Адамның адамдығы жатар болар
Арымен арайланған игісінде...



ЗЕЙНОЛЛА ӘКІМЖАНОВ



«Ленин туы» газеті. 11 қазан 1994 жыл. 5 бет.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

Гулайым
Гулайым 29.07.2025 19:35
Өте әдемі

Пікір жазу