Өлеңдер ✍️

  15.07.2025
  48


Автор: QARAKESEK

Түнек

 



1 party:



Уақыт өлтіріп тастады біздің жүректерді
Жарықтан асырып, көрсетіп тілектерді
Мен бүгін тағы да түнекке түнеп келдім
Ал сенше а?
Әйтеуір өтіп жатыр ма күн, түндерің
Жүрсің кіммен тұрып, жатып
Білмедім,білмеймін



Қалай өтуде сайқал алдамшы өмірің
Хули терілмейді телефонға нөмірің
Қазір соғылмайды мүлде саған қоңырау
Сені естімеймін, сен дегенде құлағым саңырау
Шын айтамын сені мүлде ойламаймын
Бітті жазба, отырсаңда интернетте онлайн



Кімсің сен а?
Кімсің сен?
Сен емессің басты көтеретін күрсінсем
Сен пенденің бірісің өліп қалса жыламайтын
Танымадым бейнеңді айқын



Қ/СЫ:
Көздеріңе қарамаймын сен жоқта
Бар болса сүйдіресің(болса сүйдіресің)
Сенің көздерің шоқ қазір
Қараса өртейсің, күйдіресің



2 party:



Кім айтты сені ұмыта алмайды деп менің жүрегім
Қолымнан келеді екен сені ұстамай жіберу
Жібердім жолың болсын бара бер
Тірі жүр, көтеріп тұра берсін қара жер
Көзіңді оқығым келеді, бірақ, ондай қабілетім жоқ



Көздерің мені ылғи алдаған
Көзіме қарай алмайсың
Қарайтын сенде бет жоқ
Қарайтын бетің қалмаған
Бірдеңе дейсің бе!?
Айтқың келеді бірақ, айта алмай тұрсың ба!?



Қайтқың келеді бірақ, қайта алмай жүрсің ба!?
Білмеймін қазір сенің ойыңда не бар?
Ойлана беріп шаршапсың
Бар, жатып демал(бар, жатып демал)




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу