Әңгімелер ✍️
Мені жылатқан фильм
Қазіргі таңда барлық жастар кино, фильмге құмар. Солардың ішінде кореялық дорамаларға қызығатындар басым. Мен де дорамалардың жанкүйерімін. Бүгінге дейін 200ге жуық дорамалар көргенмін. Бірақ олардың бірі ұнаса, бірі ұнай қоймайды.
2521 дорамасы жүрегімде ойып тұрып өз ізін қалдырған телесериалдардың бірі. Оны көргендегі ішкі сезімімді сөзбен айтып, жазып жеткізу мүмкін емес. Тек қана осы сериалды көру арқылы неше түрлі эмоцияларды бастан кешірдім. Оқиға басты кейыпкерлер На Хи До мен Бэк Иджиннің таныстығы барысында өрбиді. На Хи До оқушы, арманы қылыстасушы болу, анасымен жақсы емес қарым-қатынас құрайды. Ал Бэк Ид Джин болса ақыл тоқтатқан студент, отбасылық жағдайына байланысты оқуды тастап, үлкен өмірге ертерек қадам басуға мәжбүр болады. Олардың арақатынасы көршілерден нағыз шын ғашықтарға дейін ұлғаяды.
Бұл телесериалды 2 жыл бұрын көрсем де әлі есімнен шығар емес, тағы көре беремін. Әр көрген сайын бірінші рет көргендей қайта күліп, қайта жылап, барлығы қайталанады. Егер де сіздер де мен сияқты махаббат, мелодрама жанрын жақсы көрсеңіздер көруге кеңес беремін.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇