26.06.2025
  109


Автор: Судья және сот қызметкерлері күні

Әділетсіз өмір жоқ

Әділдік – адамның ар-ұяты, ал заң – мемлекеттің тірегі. Біз өмірде бір-бірімізге әділ болсақ, ешқандай дау-дамай болмайды. Бірақ кейде адамдар қателеседі. Сол кезде көмектесетін – судьялар мен сот қызметкерлері.


Судья – нағыз әділет иесі. Ол ешкімге бұра тартпай, бәрін заң бойынша шешеді. Меніңше, бұл өте құрметті мамандық. Әкем үнемі: «Заңды білсең, өмірде адаспайсың» дейді.


Біз – болашақ ел азаматы боламыз. Қазірден бастап адал, тәртіпті, шыншыл болуымыз керек. Сонда біз де судьялар сияқты әділетті елге қызмет етеміз.


Судья және сот қызметкерлерінің күні – әділдікке бас ию күні. Барлық заң қызметкерлеріне алғысым шексіз! Еңбектеріңіз елене берсін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу