Өлеңдер ✍️
Шал ақын ауданының тарихында
Қазақ жері бітпейтін өлең еді,
Қазақтың әр жігіті - төрем еді.
Бір мекеннің үңілсем тарихына,
Жан дүнием рахатқа бөленеді.
Баға бере алмаған нар ақынға,
Заман толып кеткендей шала ақынға.
Есімханов Қуаттың іскерлігі -
Сергеевкаң ауысса Шал ақынға.
Қазақша ат - жеріңе өң берген де,
Бізге жақсы толғанып сөз тергенде.
Қажымұрат Нағманов әкім еді,
Шал ақын боп Сергеевка өзгергенде.
Тек ақымақ ру-руға бөлінеді,
Арғын жері - менің де төрім еді.
Құлақ түрген өз орынбасарына,
Азаматтық әкімнен көрінеді.
Солай жетіп мұрасы Шал ақынның,
Пірі болды елдегі бар ақынның.
Жоқтаушысы болған соң іздейтұғын,
Аты өлмей, жыр болар әр ақынның.
Қыса алсаң өзіңнің тақымыңды,
Жеткізесің биікке жақыныңды.
Өткелдері Шал ақын ауданының
Тәрбиелейді әкім мен ақыныңды.
Өткен күндер жүректе басылып тұр,
Білім болып инемен қазылып тұр.
Тарихында Шал ақын ауданының
Сыйласудың үлгісі жазылып тұр.
Жөн шығар өз ініңмен алыспаған,
Өз еліңнің атымен жарыспаған.
Шал ақынның тарихын оқып шықсын,
Әкім менен ақын тіл табыспаған...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇