Өлеңдер ✍️
Қазақтан басқа кім бар?
Өз тегін қаралаған заман болды,
Өзін жек көру қандай жаман болды.
Қазағым аман-есен болып жүрсе,
Аспаннан ай алатын шамам болды.
Орыстар қырған талай арысыңды,
Бақылап жүрген жұмыс барысыңды.
Атқызып "Халық жауы" жаласымен,
Жақыннан артық көрді алысыңды.
Қырғызды бір туған деп ағалайсың,
Тарихты білмеген соң жағалайсың.
Шаптырған Кенесары ханның басын
дұшпанның ісін қалай бағалайсың?
Қытайдан не жақсылық көріп едің?
Өзге ұлт жайында жыр өріп едің.
Шеттегі қазағыңды ойлап қалсаң,
Жатпай, түн ұйқыңды төрт бөліп едің.
Өзбек те қаламайды озғаныңды,
Қолыңды биіктерге созғаныңды.
Бәсеке бола алмайтын халге жетіп,
Тілеген тоз-тоз болып тозғаныңды.
Қазағым, тый, мәні жоқ өсегіңді,
Дос көріп жүрсің әлі төсегіңді.
Мұқанов, Тілеуханов неге жаман?
Ұлдарың жарып шыққан өзегіңді.
Оңбаған - қазақ, сорлы - қазақ болды,
Бұнымыз айналаға мазақ болды.
Жақсының бәрі жатыр жер астында,
Санымыз бұл күндер аз-ақ болды.
Бірлікке дұрыс еді, келгеніміз,
Болашақ - тарихтан жыр тергеніміз.
Қазақтан басқа кім бар, туыс болар,
Қазақстан ғана біздің ертеңіміз...
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇