Өлеңдер ✍️

  29.05.2025
  217


Автор: Самрат Құскенов

Құтқарушылар жасасын

 



Ел жайы ерді толғаған,
Батырды бейжай қоймаған.
Тілсіз жау - өрт, су қолынан
Өз жұртын сақтап қорғаған,
Құтқарушылар жасасын!



Батырдың үлкен жүрегі,
Ел үшін қам жеп жүреді.
Қауіпсіздігін қастерлеп,
Қауіпті өмір сүреді.
Құтқарушылар жасасын!



Тынымсыз қызмет етеді,
Көмегі жұртқа жетеді.
Зілзала өртте үй қалса,
Құрбандық болып кетеді,
Құтқарушылар жасасын!



Халыққа бақ боп қызметі,
Орындалатын міндеті.
Психологиялық көмегі
Азаматтардың нығметі,
Құтқарушылар жасасын!



Құтқарушылар жасасын,
Сүйетін шексіз саласын.
Жалыннан сақтап жүгірген,
Ауылы менен қаласын,
Құтқарушылар жасасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу