Өлеңдер ✍️

  26.05.2025
  164


Автор: Самрат Құскенов

Назым

 



Төл өнерге аударып назарымды,
Өмір демей, жыр дедім базарымды.
Бір аруды көңілім қалаған соң,
Бұрқыратып жазамын ғазалымды.



Руханияттан тапқан соң азығымды,
Жеткіземін төрт жолмен наз үнімді.
Ел "Назымың қайда?" деп іздер болса,
Ойланбастан көрсетем ғашығымды.



Сүйгеніммен жасаймын ғасырымды,
Махаббаттан табамын насырымды.
Ұлы көште асыл деп танисың да,
Тірлікте өз орны жоқ басырыңды.



Назым - тасқа қашалған жырым еді,
Назым - жұртқа паш еткен сырым еді.
Назым - шөлдеп тұрғанның шөлін басып,
Сусындатқан рухани шырын еді.



Аттандырып әдебиет ғаламына,
Жолатпаған адамның арамына.
Назым - ішкі жан дүние тазалығы,
Үйір болған қағаз бен қаламыңа.



Жақсы көрген кісіңді ұлықтаған,
Назым, назым қашанда ұлық маған.
Жыр боп шыққан ақынның жүрегінен
Қыз есімін тарих та ұмытпаған.



Мына ғұмыр талантқа қаһарланған,
Дүниеқоңыз қоғамда аз арланған.
Ақындардың бәрінде поэзия бар,
Тек Самратта назым бар ажарланған.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу