Өлеңдер ✍️
Көтләктардың өңірі
Бір адамның түспеу үшін көңілі,
Бар әлемнің құрбан болған өмірі.
Ұлтшыл ұлдың тіктірмейді отауын,
Дамып кеткен көтләктардың өңірі.
Құдайдан да биік көріп бастығын,
Өз тілінен жасап берген жастығын.
Жанашырлық танытып сын айтқанға
бірден жасай жөнелетін қастығын.
Жақсы көрген ханмен тамақ жегенді,
Ақша жәннат қылып атамекенді.
Түсінген бе «Патшаңа сай құл бол!» деп,
«Заманға сай тірлік жаса!» дегенді?
Табан жалап бағынған сан белесі,
Қызметкердің таңғажайып елесі.
Президентке ұнап жүріп қазіргі,
Дайындалған басшысына келесі.
Ойдағыдай жасап бәрін талаптың,
Пікірімен жүретін бір тараптың.
Кез келгеннің бабын тауып жүретін
Көтләктарым күйін кешкен жәләптің.
Жалған сөзден көз ашпаған өсегі,
Күшік болды бүгінгінің Көшегі*.
Көтләктардың өңірінен жайлы боп
жайылады жезөкшенің төсегі.
Екіжүзді адам – халық жауызы,
Көкке жетпес биіктеген тау ізі.
Төмен тұрар жезөкшенің бұтынан
Көтләктардың дуасы жоқ ауызы.
Қатты айтсам, құқың жоқ, мін тағатын,
(Ашынғаным – жан боп кетсем лағатын.)
Көтләктардың сөзінде мән болмайды,
Жезөкшенің бұтында бар рахатың.
Мен болмаймын замананың ұсағы,
Жерге түспес қиялымның ұшағы.
Сыйдыртпасын көтләктардың өңірі,
Ашылмасын жезөкшенің құшағы.
Бір Алланың кітапшасы – пешене
тағдырымды түбегейлі шеше ме?
Көтләктардың коттеджінде тұрмаймын,
Ақиқатым тұрғыз маған кесене!
Ақиқаттан тұрғызылып кесене,
Ар таза боп кетсін менің есеме.
Адал жанның қанын төккен өсем деп,
Көтләктарды ұрпақтары кеше ме?
Тиіп жұмсақ креслоға жамбасы,
Алтын дәнге толы болған қамбасы.
Көтләктардың тірісінде көргені
Ұрпағының қалған қара таңбасы.
Сарқылмасын өлең-жырдың бұлағы,
Құтты мекен – үш жұртымның тұрағы.
Тұрғызғанша көтләктардың өңірі,
Қабылдасын о дүниенің жұмағы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter