Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
26.05.2025
239
Театр – қасиетім
Театрдан табасыңдар,
Тазалығын көңілдің.
Олқылықты жабасыңдар,
Мәнін ұғып өмірдің.
Театрдың ережесін
Түсінбейді санасыз.
Тойдан іздеп берекесін,
Ел болмайық данасыз.
Театрды ластағаның –
Таға алмай жұртқа мін,
Надандықты растағаның,
Адамдықты құртқаның.
Спектакльде шулайтындар –
Боқ дүниемен сал болып,
Арын сатып тулайтындар,
Ақша үшін мал болып.
Өнерпазды қорлайтындар
Ешқашан да оңбаған,
Ақырында сорлайтындар,
Биік шыңға қонбаған.
Егер ауру болмасаңдар,
Көгеріңдер өнермен.
Руханиятқа толмасаңдар
Аталдыңдар өлермен.
Адам ғана төзе алмайды,
Тек рухани жалаңаш.
Болашаққа көз салмайды,
Мәдениетке қарамас.
Театрдан шығам деме,
Тазаланам десеңдер.
Ардың туын жығам деме.
Сахна балын жесеңдер...
Тек театр – қасиетім,
Эстетика – ұраны.
Төккен терге бас иетін,
Еңбекқорлар құрамы.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇