Эсселер ✍️
«Менің қаламдағы ауқымды мәселе »
Мен Оңтүстік Шығыс Қазақстан аумағы Алматы қаласынының тұрғынымын. Қазіргі таңда Алматы қаласы Қазақстандағы №1 мегаполис,яғни ең үлкен қала.Сондықтан да әрине қала ішінде ауқымды проблемалар бар. Халық саны 2.195.569 адам болғандықтан, кептелістер мен белгілі бір жерлерге кезектер өте көп. Алматы өте әсем, көркем қала. Бірақ әр жердің де өз кемшіліктері мен минустары болады.
Алматы өте үлкен әрі қарқынды дамып келе жатқан қала. Алайда оның географиялық орналасуы бірқатар ауқымды проблема туғызады. Алматы 27 қауіпті тектоникалық жарық аймағында орналасқан. Яғни, 9 баллдық жер сілкінісі болуы әбден мүмкін, ал төтенше жағдай болса, қаладағы 30% ғимараттар қирауы мүмкін. Екінші ауқымды мәселе ол- көлік кептелісі. Қаладағы қозғалыс пен көлік санының күннен күнге артуы үлкен кептелістерге әкеліп соғады. Ал бұл мәселе қала сыртында тұратын жұртқа күнделікті өмірлеріне әсерін тигізеді. Үшінші, мен үшін ең үлкен проблема ол- ауа сапасының нашарлауы. Алматыда өнеркәсіптік кәсіпорындар, көліктер мен жеке тұрғын үйлердің түтіндері ауаның нашарлауына септігін тигізеді. Бұл жағдай халықтың денсаулығына кері әсерін береді, экологиялық проблема шығарады. Қаланы түтін басады. Әсіресе, Алматыдағы Көк-Төбе деген тау бөктерінде орналасқан төбеге шығып, қала түтінге толы екенін айқын көре аласыздар. Айта кеткенімдей Алматы -мегаполис.Алматыда өте көп мүмкіндіктер бар. Яғни, жұмыс, жоғарғы оқу орындары. Сол үшін Қазақстандағы жарты мектеп бітірушілер Алматыны таңдап, осы жаққа оқуға түседі. Осы себептен де қалада адам саны көбейіп, кептелістер мен кезектер толады.
Алматы қаласы қанша қарқынды дамып келе жатсада, жоғарыда аталған мәселелер қаланың дамуына кедергі келтіреді. Көптеген органдар мен бағдарламалар, фондтар ашылып, бұл проблемаларды шешуге тырысып жатыр. Жобалардың нәтижелері мен көмегін уақыт өте келе байқаймыз деп ойлаймын. Мен үшін менің қалам өте көркем жер. Қаншама кемшілігі болсын, проблемалары болсын, менің Алматым ең сұлу. Өз жеріміздің, өз еліміздің табиғатын аялап, осындай ауқымды проблемалардан арылайық!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇