Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
21.04.2025
60
Сені ойласам болады түнім жарық
Өн бойыма жылғадай жайылды мұң,
Сенен артық түсінер жайымды кім?
Естеліктер мендегі мызғымай тұр,
Келеді деп қауышар қайырлы күн.
Жүргім келмей сезімге кіріптар боп,
Алыстадым, бірақ та ұмытқам жоқ.
Сені ойлап қоямын арагідік,
Жүрегімді мұздаған жылытқан боп.
Көз алдымда бейнең тұр күлім қағып,
Сені ойласам болады түнім жарық.
Сейілмей тұр сағымы сағыныштың,
Дүрсілінен жүректің сырын бағып.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇