Өлеңдер ✍️

  21.04.2025
  108


Автор: Нұрлан Бекмырзаұлы

Өзіңмен алып кеттің жүрегімді

 


 


Түндеймін


Тұнжыраған  түнеріңкі,


Білмеймін


Сенсіз қалай жүрерімді.


Көзіңмен


Мөлдіреген сиқырладың,


Өзіңмен


Алып кеттің жүрегімді.


 


Ғашықпын


Таңғажайып жамалыңа,


Қасық мұң


Қостың сезім шарабына.


Жырақтап


Менен алыс кетсең дағы,


Тұрақтап


Қалды бейнең  жанарымда.


 


Мен сені


Қиялымда жүз құшамын.


Бір емі


Бар ма екен  бұл құсаның,


Күтпесем


Кездесетін кезімізді


Сезбес ем


Күн мен түннің тым ұзағын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу