Өлеңдер ✍️

  21.03.2025
  145


Автор: Сыңсу

Сыңсу

—Төрт бұрышы түндігімнің басбауым-ды
Сұрайды алты жеңгем шашбауымды.
Сұраса алты жеңгем алат дағы,
Ел-жұрт, айналайын қалад тағы.
Ел-жұрт айналайын қалғаннан соң,
Мақсаты мал бергеннің болад тағы.
Кісінің болса ағасы асқар тауы,
Жал-құйрық, іні деген, қанат дағы.
Дастандай, Рүстемдей ағаларым,
Аман бол үлкен-кіші бабаларым.
Өмірі Шәкірәттің жылап өткен,
Алдында пәндә білмес ненің барын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу