Өлеңдер ✍️

  27.02.2025
  410


Автор: Еркін Оралбайұлы

ҰСТАЗЫМ

 


 


Ең алғашқы ұстазым,


Келген сізге ұқсағым.


Алдыңызда отырып,


Əліппені ұстадым.


Өзіңізден хат танып,


Білімімді ұштадым.


Өнеге алып өзіңнен,


Өмір жолын бастадым.


 


Анамдайсыз мейірман,


Сабақ тыңдап ұйығам.


Өзіңізден өнеге ап,


Бұзық істен тыйылғам.


 


Ақылыңыз- адам бол,


Жолдасыңа адал бол.


Жақсылыққа жақын боп,


Жамандықтан ада бол.


Жетістігім қазіргі,


Көрсеткен сіз дара жол.


 


Еркін Оралбайұлы


 




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу