Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
27.02.2025
399
АНА ТІЛІ
Қазақшамыз тұр ақсап,
Шалажансар тілге ұқсап.
Шүлдірлейміз орысша,
Орысшамыз жақсы-ақ.
Іс қағазың орысша,
Жағдай жасап орысқа.
Министрлер шүлдірлеп,
Тиіп жүр ғой намысқа.
Өзге тілде сөйлейсің,
Ана тілін білмейсің.
Ана тілсіз ұлтың жоқ,
Осыны біліп жүргейсің.
Ана тілден жиреніп,
Қадірін оның білмедік.
Аз болғандай орыс тіл,
Ағылшынша үйрендік.
Жүр ме біреу қорқытып,
Есек миын шоқытып.
Министрлер не деп жүр,
Бəрін қосып бықытып.
Тіл шықпаған балаға,
Ағылшынша оқытып.
Еркін Оралбайұлы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇