Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
24.02.2025
184
ҚЫЗ МҰҢЫ
Ей, махаббат азат етші жанымды,
Қалай ғана өшіре алам жалынды?
Іштен тынып, шығара алмай сырымды,
Жан сыздатар дертке жүрек шалынды.
Бақыт қайда, неге əкелдің қайғыңды?
Тағдыр тағы дайындадың, қай мұңды?
Сезім беріп шоқтанса да лауламас,
Неге ерте армандарым қайрылды?
Ғашық етіп дос боп жүрген ағама,
Сырды ашсам, елге мұным жаға ма?
Шешім таппай санам менің адасқан,
Ақ балықтай шығып қалған жағаға.
Сезімімді білдіре алмай қиналып,
Ішіме дерт, құса болып жиналып.
Мені жақсы ағасындай көред деп,
Ол кісі жүр ақ көңілмен, иланып.
Кері кетіп, қызық қалмай өмірім,
Гүл орнына сыйға алып көң, күлін.
Сезіміммен қалай ғана ластаймын?
Қарындасым деген аға көңілін.
Еркін Оралбайұлы 4.03.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter