Өлеңдер ✍️
ҚЫЛЫҚТЫ ҚЫЗ
Мені өзіңе тəнті еткен қылықтарың,
Өміріме сені берген қылып таңым.
Бір жолата сені сүйген жүрегімді,
Көрмейтіндей өзгелерді құлыптадым.
Қандай тəтті наз- қылығың күлімдеген,
Жүрекпенен дір еткенді күллі денем.
Өмірімнің бөлшегіне сені санап,
Жүрегіме жылу берер күнім дегем.
Сымбатыңа сай келіпті еркелігің,
Есті алып сыңғырлаған ерке үнің.
Сені көріп еске түсер бала арман,
Ханшайымы айдай сұлу ертегінің.
Қылықты қыз ертелі кеш еркеледің,
Сағымындай мың бұралып ерке белдің.
Бар өмірді өзге етіп бір-ақ күнде,
Тəтті сезім өзіңменен ерте келдің.
Ұнатқанмын тəп-тəтті қылығыңды,
Тəнті еткен көздеріңнің қыры мыңды.
Ақ параққа өлең болып төгілгенді,
Саған деген жүрегімнің сыры мұңлы.
Ұмыттырып сұлу жүзің бұрынымды,
Сезінбегем сағынып мен бұрын мұңды.
Ойға батып жататұғын кездерім көп,
Елестетіп шұбатылған бұрымыңды.
Еркін Оралбайұлы 8.04.2018
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇