Өлеңдер ✍️

  24.02.2025
  111


Автор: Еркін Оралбайұлы

ТҮЗУ БОЛСЫН АМАЛДАРЫҢ

 


 


Кешірімді Алла мойын ұсынғанға,


Адал жүрген дұрыс сол үшін жанға.


Қияметте тозақ оты дайын тұрар,


Кешірілмес күнә істеп ұшынғанға.


 


Дұға оқысаң шын ниетпен, қысылғанда,


Тазарарсың құйғандай бір ғұсыл жанға.


Бұл фәниде адамдарды сынау үшін,


Парыз еткен намазды да мұсылманға.


 


Мейірімді болғын бармай, қиянатқа,


Артық жаның болмаса егер, қияр отқа.


Құран оқы, тазартар жан дүниеңді,


Дәрі салып емдегендей құяң атқа.


 


Дін жолынан алшақ кетпе пенделікпен,


Жан дүниең қалмасыншы емделіп кем.


Алла ұлық, барлығын да көріп тұрар,


Болса дағы жасырар сыр сенде бүккен.


 


Көзің жетпей өзгелерді ғайбаттама,


Күш көрсетпе әлсіздерге айбаттана.


Қайталаудан жалықпағын шаһадатты,


Алмас үшін күпір ойлар жайлап сана.


 


Имандылық шын мәнін қазір ұғын,


Қияметте Алла берер қазылығын.


Қабыл болар істеген іс, амалдарың,


Ала алсаңыз ата-ананың разылығын.


 


Еркін Оралбайұлы 19.01.2019.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу