Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  560


Автор: Жібек Ысқақова

БҮГІН МЕНІҢ ЖЕКЕ МЕНШІК МЕРЕКЕМ


Бүгін менің жеке меншік мерекем,
Төрт құбыла, тереземді тең етем.
Сапар шегіп сол балалық кезіме,
Балғын шақты бұл жаныма ем етем.
Бүгін менің жеке меншік мерекем,
Жақсылықты, қуанышты сөз етем.
Санамдағы ауыр ойды ысырып,
Шаттығымды еселеуді көз етем.
Бүгін менің жеке меншік мерекем,
Айналамды шуақ шашқан күн етем.
Ақ қарымен бораса да желтоқсан,
Көктемдейін жаныңызды гүл етем.
 Бүгін менің жеке меншік мерекем,
Бұл күнімді өзге күннен зор етем.
Өз-өзімді биік шыңға көтеріп,
Қанаттанып, бақытымды мол етем.
Бүгін менің жеке меншік мерекем,
Жүрегімнің әр түкпірін төр етем.
Ағайындар, дос-жарандар, бауырлар,
Сіздерменен арта түсер берекем...!
24.12.2024 жыл




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу