Өлеңдер ✍️
ҚҰТТЫ БОЛСЫН ӘБЕН АҒА, ТУҒАН КҮНІҢ!
Бүгін өзі қандай күн, қуанышты,
Қуанышты көңілім құрақ ұшты.
Келді міне жеке меншік мерекеңіз,
Әбен аға күшейтіп жылы ағысты.
Құтты болсын Әбен аға туған күнің,
Жетпіс бір жас жинауда қырдан гүлін.
Жастан жасқа жетіңіз аман-есен,
Қуанышты, шаттықты құрған үнің!
Көшбасшы боп, көп бастап жүріңіз тек,
Сәттілікке толы боп күніңіз тек.
Жақсылықты жырлауға арналсыншы,
Жырларыңыз ағылған жүректен тек!
Бар жақсыны тілеймін, мен сізге аға,
Жүріңізші әрдайым сіз қуана.
Жаратқаным жар болып әрқашанда,
Әрбір күннен жүріңіз бақыт таба!
Жетпіс бес жас есік ашсын, сексен жасың,
Көңіліңді көтерсін тоқсан жасың.
Тоқсан бесте біздерге арнау жазып,
Келсін аға, тойлатып жүз бір жасың!
Ғажайып Қазақстан, тек қана алға,
Болшы дәйім қашанда тек қана алда!
Президенті журналдың Әбен аға,
Жол көрсетіп, жасай бер, әрбір жанға!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇