Өлеңдер ✍️

  19.02.2025
  571


Автор: Жібек Ысқақова

АҚЫН ҚҰРБЫМА

Жүзі жылы, мейірімді жан нәзік,
Жырларымен беретұғын жанға азық.
Арманы көп мақсатына ұштасқан,
Іс жасайтын ақылдасып, қамдасып...
Достыққа адал, айтқанынан қайтпайтын,
Ақын құрбым орынсыз мін тақпайтын.
Жақсы адам, жақсылықтың жаршысы,
Сыйластық пен шыншылдықты жақтайтын!
Отбасылы, аяулы ана, сұлу жан,
Сусындайтын мөлдір бұлақ жырынан.
Отанасы Отағасын құрметтер,
Тәнті етіп баурап алар қырынан...
«Үздік ақын» марапаты бар тағы,
Қызымыз бұл піскен өлең бақтағы.
Оқырманға үш кітабы жол тартқан,
Ару қызды шыңдай түсті, баптады.
Жүрегінде қайтпас мінез, жалын бар,
Өн бойында ерекшелік, дарын бар.
Ойы ұшқыр ақын қызы Қазақтың,
Осы міне, Эльмира қыз танып ал!
Айта берсек айтарымыз көп біздің,
Жарқыраған ай мен күні бұл Қыздың.
Құтты болсын, Эмош шыққан Кітабың,
Туындың бұл — егіз Қазақ-Қырғыздың!
Түркістан қаласы,
16.10.2024 жыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу