Өлеңдер ✍️
Өлеңдер ✍️
12.12.2024
88
Арысымның өзені
Арысымның өзені толқындайды,
Толқығанда қараңыз бір тынбайды.
Тоғыз жолдың торабы Арысым бұл,
Жұлдызымдай түндегі, жарқылдайды.
Арысымның өзені баурап алар,
Күші де көп, жетеді алда болар.
Арысымның қаласы таңғажайып,
Тұрғындарын ерекше жанға балар.
Арысымның өзені оң ағысты,
Биік ұстар біздерміз ар-намысты.
Арысама келсеңіз қонақ болып,
Біз жүреміз бірлесе жалғап күшті.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇