Өлеңдер ✍️

  10.11.2024
  878


Автор: Құрманай Бақтиярқызы

Сағындым сізді Жұмағым!!!


Қайырмасы:
Жұмағым тапты Жұмағын,
Себебі өзің Дұғамның.
Анашым сізді сағынып,..
Көтердім Тәңір сынағын..

1.Барымда біл деп қадірін,
Айтып ең талай Қадірлім.
Ойдағы қиял арманды,
Орындай алмадым барлығын..

Сонда да Риза болғаным,
Өмірлік қалқан қорғаным..
Қиналған сәтте Анашым,
Жетпей тұр жылы қолдарың..

Қайырмасы:
Жұмағын тапты Жұмағым,
Жәннатта жансын шырағың.
Сағынып бара жатсамда,
Шыдадым жаным,шыдадым…

2.Анадан асқан жан бар ма?
Ыстық нан берген таңдарда.
Ақ құсым,Әппақ мамығым,
Балаңыз қалды арманда..

Өкініш болды өткенім,
Көңілім таппай Көктемін.
Құлазып күздей сарғайсам,
Сағыныш жасын төккенмін…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу