Эсселер ✍️
Астанамыз бас қала
Астана қаласы — Қазақстан Республикасының астанасы болып табылады. 1997 жылғы 10 желтоқсаннан бастап астана статусына ие болған Қазақстан астанасы. Қазіргі таңда халық саны бойынша миллионнан асқан Астана қаласы мегаполис атанған үш қаланың бірі. Миллионер қаласы мәртебесіне 2017 жылдың маусымында қол жеткізді, ол кезде тұрғындардың саны 1 002 874 адамға жеткен болатын.
1830 жылы Ресей империясының округінің орны ретінде құрылған Астана қаласы сол уақытта ауыл мәртебесінде құрылған. 1832 жылы кент қала мәртебесіне ие болып, ал атауы Ақмола болып өзгертілген қаламыз.
«1838 жылғы көтерілістер кезінде Ақмола жойылып, Ресей билігі қалпына келтіріп, XIX ғасырда кеңейді. Кеңес Одағы ыдырап, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қалаға Ақмола атауы қайтарылды» Ал 1997 жылы 10 желтоқсанда Ақмола Қазақстанның астанасы болып, 1998 жылы аты Астана болып өзгертілді. Осындай тарихқа алтын әріптермен енген Астана қаласы бұл күндері аты әлемге әйгілі болған біздің, қазақ елінің астанасы болып табылады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇