Шығармалар ✍️
Астана қаласы
Астана қаласы еліміздің жүрегіне айналған басты қаламыз. Бұл күндері қарқынды даму үстінде. Астананы жақсы көрмейтін, Астанаға келгісі келмейтін адам кемде кем шығар. Неге десеңіз Астана Сарыарқа жерінде орналасқан еліміздің Астанасы ғой. Астанаға барған адам әдемі жерлерін араламай, Бәйтерекке бармай қайтпайды. Жазы салқын, қысы суық болған Астана қаласын расымен де қатты жақсы көреміз. Астана жастар қаласы. Жас отбасылар еліміздің түкпір-түкпірінен қоныстанып жатса, сол жастардың ата-аналары да соңғы кезде Астанаға қоныс аударуда. Жастардың көбісі жұмыс бабымен Астанаға көшіп жатқан болса, кейбірі Астана қаласы еліміздің бас қаласы, Астанасы болғандықтан көшуде.
Астана қаласы Астана болғаннан бері көп уақыт өтпесе де, бұл күнгі Астана қаласы әлем бойынша ең көрікті қалалардың біріне айналған. Астананы көру үшін қаншама туристер қалаға қадам басып, Астананың әдемі жерлерін тамашалауда. Астананың халқы да жанымызды баурап алар, ерекше жандар десем қате айтқаным болмас. Астанаға бара қалсаң қаладағы биік ғимараттарды өз көзіңмен көріп, нақ бір шет елде жүргендей боласың..
Ия, бұл біздің Астана, бүгінгі келбеті біздерді таң-тамаша етуде. Астананың әр жері жаныңды тербеп, суретке түспей қарап тұруға жол бермейді. Астана жайында айтарымыз да, жазарымыз да көп. Біздің мақтанышымыз, бас қала — Астанамыз!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇