24.05.2024
  73


Автор: Халықаралық аспаздар күні

Аспазшылар әлемі

Аспазшылар әлемі күн өткен сайын түрлі жаңалық ашып жатады. Бұл Аспазшылық мамандықты таңдап, ел үшін деп, халықтың игілігі үшін деп ыстық пештің буымен бірге қайнап жүретін Аспазшылардың жасап жатқан еңбектерін біз осы жоғары деңгейде бағалап жатырмыз ба?! Шынын айтқанда, Аспазшылардың жасаған дәмді астарына мән береміз де, мына кафеде астарын жақсы, дәмді дайындайды, мына ресторанның тағамдары тіл үйіреді екен дейміз. Ал сол асты дайындап жатқан Аспазшылардың атын білеміз бе? Жооқ, олар кім, түр келбеті қандай екенін білмейміз, Аспазшылар жайлы білгіміз кеп сұрамаймыз да. Аспазшылар жақсы, дәмді ас дайындаса сол Аспазшы жұмыс жасап жатқан кафе, не болмаса ресторандар аты айқалап айтылады да, Аспазшылар аты көбнесе тасада қап қояды. Өнер тілімен айтар болсақ, Аспазшы мамандар сахнаның ар жағында (за кулисам) қалып, елеп, ескерілмей жатады. Аспазшылар қандай жағдайда аттары аталып, халықтың алдына шығады, елге танылады деген сұрақ туындайтын болса, олар түрлі Ас дайындайтын байқауларға қатысып, ел алдына шығатын жарыстарға қатысар болса олардың есімдері аталып, түрлері түстеледі. Сондай ерекше күнді атап айтар болсақ әр жылдың 20 сыншы қазанында тойланатын Халықаралық Аспазшылар күні дер едім. Бұл күні Аспазшылар арасында түрлі байқау болып, түрлі сайыстар етек жаяды. Аспазшылар марапаттарға ие болып, атаулы мерекелік күндері қызыққа толып өтеді. Ия, бұл кәсіптік мереке. Мерекеде жарқырап жүрулері, ел алдына шығып өздерін таныта білулер әр Аспазшының өз қолында деп білемін. Адам өміріне ең маңызы зор, халықтың қарнын тойдырып жүретін Аспазшылар қауымын бүгінгі 20-шы қазан келіп жеткен мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еңбектеріңіз жанып, жүздеріңізден күлкі кетпесін! Абырой беделдеріңіз арта берсін, демекпін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу