14.03.2024
  160


Автор: Рамазан айы

Сұрақ: Тарауық намазының үкімі қандай?

Жауап: Тарауық намазы әрбір мұсылманға бекітілген сүннет[1]. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): 


شهر كتب الله عليكم صيامه وسننت لكم قيامه


«Алла Тағала сендерге Рамазанда (күндіз) ораза ұстауды парыз етсе, Мен (түнінде) құлшылық етуді сүннет еттім»[2], – деген.


Тағы бір хадисте:


مَن قام رمضان إيمانًا واحتسابًا، غُفِر له ما تقدَّم ذنبه 


«Кімде-кім, Рамазанда сауабын үміт ете отырып, Алла разылығы үшін түнгі намазын оқыса, оның өткен күнәлары кешіріледі»[3] делінген.


Рамазан айындағы түнгі намаз – тарауық намазы. Оны әрбір төрт ракағаттан кейін отырып дем алғандығы үшін тарауық деп атаған[4].


Тарауық намазын жамағатпен оқу кифая (біреуі орындаса басқасының мойнынан түсетін амал) сүннет болып саналады[5]. Тарауықты оқымаған мешіт жамағаты түгел күнәһар болады. Олардың кейбірі оқыса басқаларының мойнынан күнә атауы түседі. Ал мешітте жамағатпен оқымағандар артықшылықтан құр қалады. Бұған кейбір сахабалар мен табиғиндардың мешітте жамағатпен оқымағандығы дәлел болады[6].  




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу