Өлеңдер ✍️

  14.03.2021
  9603


Автор: Бауыржан Момышұлы

Ана тілін ардақта

Көшеде бояу ерін сылқылдаған,
Былдырлап, орысшалап жырқылдаған.
Ұмытып ана тілін, салт-санасын,
Не қалды тілімізден жыртылмаған.

Отбасы түсініксіз жатқан былдыр,
Газетте қазақ сөзі аз, шылдыр-мылдыр.
Оқысаң алып кітап шым-шытырық,
Опырмау, сандырақ па, бұл не былжыр.

Ержеткендер сөйлейді орысшалап,
Кім отыр сөз құрылысын қынап-сынап.
“Мамасы” мен “папасы” шүршіт болып,
Күйдірді-ау, шүршітшілеп, бала жылап.



Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Комментарии

12.12.2025 00:16
Жақсы екен өлең. Айтуға болады, бірақ ең жаман жері өте қысқа. Хотябы 4-5 шумақ болса да болар ед. Бірақ сөздері, байланысы, мағынасы әдемі шығыпты.
Елнур
Елнур 11.12.2025 16:47
Әдемі олен
Қиын
Қиын 07.12.2025 16:42
Кер
04.12.2025 19:32
Жаман
Жұлдыщ
Жұлдыщ 08.10.2025 16:01
Өте керемет
Инкар Нурланкызы
Оте керемет ән екен оте советую вооо?
Елжан
Елжан 15.04.2025 13:13
Өте керемет

Пікір жазу