21.01.2024
134
Сұрақ: Ұмытып ішіп-жеп қойса ораза бұзылады ма? Жауап: Тамақ яки суды байқаусызда ішіп қою оразаны бұзбайды. Себебі, ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзатын амал- дарға жатпайды. Мұндай жағдайда оразаны жалғастыра беру керек. Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Аузы берік адам ұмытып ішіп-жесе, оразасын бұзбай толықтырсын. Өйткені, оған жегізген де, ішкізген де Алла», – деген (Бұхари, Мүслим). Алайда ораза екендігі есіне түскен сәтте ішіп-жеуін дереу тоқтатуы шарт.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇