Өлеңдер ✍️

  19.01.2024
  344


Автор: Жібек Ысқақова

МЕН СҮЙСЕМ СҮЙЕМІН

Мен сүйсем, сүйемін,
Аспанды ашық қып,
Көруге асық қып,
Өмірге ғашық қып,
Шуақты арайды,
Көңілге шашық қып.
 Мен сүйсем сүйемін,
Көктемдей құлпырып,
Көмейге жыр тұнып,
Жақсыға ұмтылып,
Алыстан баурайтын,
Толқындай бұлқынып.
Мен сүйсем сүйемін,
Жанымды балқытып,
Барымды шалқытып,
Таңымды қалғытып,
Жаныма дем берер,
Әуезді ән күтіп.
Мен сүйсем сүйемін,
Қуанып, шаттанып,
Жаманнан сақтанып,
Шынығып, бапталып,
Махаббат еліне,
Ертемен аттанып.
Мен сүйсем сүйемін,
Жұлдыздай жарқырап,
Ағындай арқырап,
Жайқалып бар қырат,
Жайменен үн қатып,
Жай-күйді талқылап.
Мен сүйсем сүйемін,
Жүректің үнімен,
Көктемнің гүлімен,
Өмірді сынымен,
Көңілге күй берер,
Әнімен, жырымен.
Мен сүйсем сүйемін,
Сары күз даламды,
 Құлпырған қаламды,
Сай менен саламды,
Қылықты сәніммен,
Тәнті етіп ғаламды.
Мен сүйсем сүйемін,
Ызғарлы ақ қарды,
Қыстағы бақтарды,
Қара мен ақтарды,
Жүрекпен сезініп,
Оқылған хаттарды.
Мен сүйсем сүйемін,
Қолдағы барыммен,
Намысым, арыммен,
Ататын таңыммен,
Елімді сүйемін,
Ақ адал жаныммен!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу