09.12.2023
  98


Автор: Жаңа жыл

Жаңа жыл, жаңа күн

Жаңа жыл — жақсылық пен үміттерді жанымызға ұялататын кезең десек қате айтпағанымыз болар. Расында, ескі жыл соңына келіп, жаңа жыл басталғанда барлық адам бір-бірлерін жаңа жылмен құттықтап, ақ жарма ізгі тілектерін жаудырып жатады. Бұл дегеніміз жаңа жылдан жаңа үміт, жаңа күннен қуаныш пен бақытты күтуіміздің сенімі болып твбылады. Жаңа жыл қаншалықты бізге жат дегенімізбен кішішірім болса да жаңа жылды атап өтетініміз сөзсіз. Өйткені жаңа жылда жаңаша жыл санау басталып, жаңаша күй орнайды. Жаңа жылды әсіре мектеп оқушылары мен бала-бақша балалары асыға күтеді. Аяз атасына тақпағын айтып, оның сыйлығын алуға асығады. Расында да, баламыз үшін аяз атаны киіндіріп, дорбасына сыйлықтар толтырып, баламызды қуантсақ жанымыз жадырап, бір ерекше күйге енетініміз жасырын емес. Баланың қуанышы ата-ананың қуанышы. Әрбір бала бақытты болуға лайықты. Біз осы жаңа жылды тойлау арқылы баламызға зор қуаныш бере аламыз. Жаңа жылды біздің мейрам емес деп тойламай қою, бізге жат деп ақ тілектерін бір-біріне арнамай қалу баламызды зор қуанышынан айыру деп ойлаймын. Сондықтан жаңа жылды бірге қарсы алып, бірге тойлай білсек, келесі жылға деген қуанышты жүрекпен сезіне аламыз.
Әр жыл сайын баланың зор қуанышына айналған Жаңа жыл баршаңызға құтты болсын! Еліміз аман жұртымыз тыныш болсын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу