21.11.2023
207
Домбырасы қазақтың
Домбырасы қазақтың,
Алсын әркез жүректен!
Күндеріңіз көп болсын,
Домбыра үні тербеткен!
Домбыраның күнінде,
Бүкіл қазақ қуансын!
Әрбір қазақ баласы,
Домбырамен жұбансын!
Көңілдері жайланып,
Домбырада ойнасын.
Ән менен күй шырқалып,
Әрбір қазақ жайнасын!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇