Эсселер ✍️
Қылмыстық іздестіру
Қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерінің қызметтері еліміз үшін өте маңызды. Бұл жұмыс осы саладағы қызметкерлердің өмірлеріне қауіп тудыратынын біле тұра осы саланы таңдауының өзі батылдық дер едім. Оларды расында да ержүрек, нағыз ер азаматтар деп білемін. Қазіргі таңда бұл саланы жалғыз ер ащаматтар ғана емес нәзік жандылар да өмірлік мвмандығы етіп таңдауда. Бұл дегеніміз қайтпас қайсарлықты бойына азық еткен азаматтар мен ащаматшаларды еліміз үшін күн демей, түн демей жарғақ басы жастыққа тимей қызмет ететінін көрсетуде. Өз істерінің нағыз маманлары, жасап жатқан қызметіне қиянат жасамайтын, ақ адал жолдарынан танбайтын адамгершіліктері мен адами тұрғыда сыйластығы жоғары, жасап жатқан істеріне аса ұқыпты, жауапкершілікпен қарайтын қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерінің еліміз үшін жасап жатқан жұмыстары орасан, зор дер едім. Өз өмірлерінен жасап жатқан қызметін жоғары қоятын жандар кемде, кем шығар. Дәл осындай сипатқа ие қызметкерлер қауымына расында да үлкен рахметіміз бен алғысымызды білдірер едім.
Әр жылдың 5 қазанында дәстүрлі түрде аталып өтілетін қылмыстық іздестіру саласының қызметкерлерінің күні ерекше маңызға ие. Криминалдық полиция қызметкерлерінің қауырт жұмысы үлкен жауапкершілік пен шыдамдылық, батылдықты талап етеді. Бұл салада жүрген жандарды рухани тұрғыда батыл жандар деп білемін.
Сөзімді қорытындылай келе аталмыш сала иелерін 5 қазан кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Еліміз үшін деп жасап жатқан еңбектеріңіз жана берсін!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇