Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  161


Автор: Шөмішбай Сариев

Теңізге сәлем

Бір озып, әрі асқан,
Толқыны таласқан.
Жерорта теңізі,
Көгілдір көк аспан.
Ақша бұлт көнеді,
Тұңғиық тереңі,
Бақытқа бөледі.
Жерорта теңізі,
Сулары ағынды.
Сүйгендей жаныңды,
Жерорта теңізі,
Айдыны сабырлы,
Салойдың қаласы.
Көк теңіз қарашы,
Жерорта теңізі,
Ақ шағыл жағасы,
Жерорта теңізі.
Жердің ортасы ма едің?
Жерорта теңізі жағалауларың,
Ақ шағыл күн жартасы ма едің?
Жерорта теңізі.
Теңіздер ордасы ма едің?
Жерорта теңізі.
Жердің омырауға таққан алқасы ма едің?
Жерорта теңізі.
Мұхиттармен жалғасып елің,
Жерорта теңізі.
Мұхиттардан үзілген теңіздің алғашы ма едің?
Соғылып келеді, сан ғасыр елің.
Жерорта теңізі.
Саған келдім жер орта жастан асқанда.
Ұшан теңіз жалғасып жатсын аспанға.
Жерорта теңізі саған келдім,
Арал теңізім жағалаудан қашқанда.
Жерорта теңізі,
Сені көріп ұлы Аралды еске алдым.
Аралсыз бүгін,
Айналып батпақ – бос қалдым,
Ақтарып жырмен шерімді
Аралымда аңсап,
Мұңымды талай қосқанмын.
Жерорта теңізі –
Аралыма тұңғиық теңіз қуат бер.
Жерорта теңізі,
Жағалауды жібер, шуақ бер,
Аралға сонау – Ұлы жердің жанарына,
Өзіңнен бастап,
Көмектессін теңіз, бұлақ – көл.
Теңіздер болып басталған сенің,
Жерорта теңізі,
Теңіз ғой сенің негізің,
Мен сенен қайта оралғанда.
Оралсын қайта теңізім,
Оралғай Арал теңізім...

12 маусым 2014 жыл.
Жерорта теңізі




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу