Өлеңдер ✍️

  10.09.2023
  105


Автор: Шөмішбай Сариев

Лирика – поэзия падишасы

Лирика –поэзия падишасы,
Жүрегіңмен табысар әр ұйқасы.
Қарлығаш сезіміңнің жанұясы,
Ағысты көңіліңнің дариясы.
Мезгілдің көктемімен жазып небір,
Тіршіліктің сағыныш сазы небір.
Лирика –поэзия падишасы,
Тасты тесіп, гүл өскен нәзік өмір.
Жүрегіңді өртейтін, от аласың,
Кеңейткен сезіміңнің шекарасын.
Лирика –поэзия падишасы,
Аспан-жердің жалғаған екі арасын.
Құрдастай адамзатпен өмір жасы,
Ырғағы –сұлу саздың ән ұйқасы.
Қан ойнар жүрегіңнің патшасындай,
Лирика –поэзия падишасы.

2-19 қараша, 2012жыл
Алматы шаһары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу